Новости:
13 мамыр 2025 жыл
2025 жылдың 13 мамыры күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде жеке тектік құжаттарын мемлекеттік сақтауға архивке тапсыру мақсатында Америкалық кардиология алқасының кеңесшісі, Америка кардиология қауымдастығының клиникалық кардиология консулы, Қазақ кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының құрметті директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Рысмендиев Армен Жаксыбекұлы болды.
Архив директоры Жұматаева Баян Амантайқызы қонақтарға республикамызда халық шаруашылығының, ғылым мен техниканың аса құнды және соңғы жетістіктерін көрсететін ғылыми-техникалық құжаттаманың орталықтандырылған есепке алынуын, сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ететін бейінді архивтің қызметі, құжаттар мен қорлар мазмұнына тоқталып, танымдық экскурсия жүргізді. Архив басшысы сонымен қатар Армен Жаксыбекұлының отандық кардиология тарихына қатысты құжаттары зерттеушілерге құнды деректік база болары сөзсіз екендігін атап өтті.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 ақпан 2026 жыл
2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ведомстволық бағынысты архив мекемелерінің ұжымдары - Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві, Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві Zoom платформасында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің қолдауымен «Қазақстандық архившілер мен құжаттанушылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жаңа Конституция жобасының тармақтарын түсіндіру бойынша ұйымдастырған «Конституциялық реформа - қоғамның даму жолы» атты онлайн форматтағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.


02 ақпан 2026 жыл
2026 жылғы 2 ақпанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Жаңа Конституция жобасына қолдау білдіріп, оны түсіндіруге және талқылауға бағытталған «Ата Заңның негізгі қағидаттары – жарқын болашақ кепілі» дөңгелек үстелі өтті.


21 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші өтті.


20 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде «Қазақстан» РТРК» АҚ қолдауымен түсірілген және халықаралық марапаттарды иеленген «Қарлығаш» (Swallow) деректі фильмінің көрсетіліміне қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz