Новости:
14 мамыр 2025 жыл
2025 жылдың 14 мамырында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде осы қорды құрушылардың бірі Мансур Тәйжінің ұлы Омір Тәйжі қонақта болды. Ол әкесінің жеке тектік қорын отбасы архивіндегі материалдармен және фотоқұжаттармен толықтырды. ОМҒТҚА-де Қазақстан Республикасы Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, қазақтардың Түркияға көші-қоны жетекшілерінің бірі Құсайын Тәйжінің ұлы, «Переселение казахов с Восточного Туркестана в Анадолу и Осман Таштан» кітабының авторларының бірі Мансур Тәйжінің жеке тектік қоры ашылған.
Архив директоры Баян Амантайқызы Жұматаева қонақты халық шаруашылығының, ғылым мен техниканың аса құнды және соңғы жетістіктерін көрсететін ғылыми-техникалық құжаттамаларды орталықтандырылған есепке алуды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық құжаттама архивінің тарихымен таныстырды. Түркидан келген қонаққа архивте танымдық экскурсия ұйымдастырылды және архив жинақтары мен әкесінің құжаттары енгізілген жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтер сыйға табысталды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
16 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері үшін кезекті өндірістік практика аяқталды.


13 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Айгүл Абдрахманова, Айсара Байсарина және Мадина Абдразақ жас архившілердің VIII Халықаралық Жазғы мектебінің жұмысына қатысып, 100-ден аса отандық және шетелдік мамандар қатарында білімдерін шыңдауда. Қазақстан Республикасы Президенті Архиві, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бірлесіп өткізген ауқымды шараға Ресей, Қырғызстан, Молдова, Түрікменстан, Өзбекстанның архив мекемелерінің өкілдері келген.


13 маусым 2025 жыл
2025 жылдың 13 маусым күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві, Орталық мемлекеттік архив және Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің қызметкерлері Халықаралық архив күніне арналған архив істерін қалыптастыру бойынша жас архившілерге арналған тәжірибе жұмыстары өткізілді.


11 маусым 2025 жыл
2025 жылғы 11 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Халықаралық архивтер күніне орай өткізілген Орталық мемлекеттік архиві директорының орынбасары, «Архив саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Мәрзия Жылысбаеваның архив құжаттары негізінде дайындап, жарыққа шығарған «Из истории царской таможни в Казахской степи» атты жинағының тұсаукесер рәсіміне қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz