Новости:
21 мамыр 2025 жыл
2025 жылдың 20 мамырында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есепке алу және ҒАА бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивисі А.Байсарина әріптестеріне «Істердің бар-жоғын және физикалық жай-күйін тексеру, нәтижелерін ресімдеу» тақырыбында өндірістік оқу өткізді. Оқулардың бұл түрлері архив қызметкерлерінің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған.
Архивтік құжаттардың бар-жоғын және жай-күйін тексеру кезінде баса назар аударуды қажет ететін негізгі жұмыс кезеңдері: архивтік құжаттарды сөрелерде және бастапқы сақтау орындарында орналастыру тәртібі; архив қорының сақтау бірліктерін дұрыс орналастыру; зеңмен, биологиялық зиянкестермен ластанған, сондай-ақ физикалық ақаулары бар құжаттармен жұмыс істеу болып табылады.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 5 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдығына арналған «Архивтер: цифрлық трансформация, конституциялық құндылықтар, тарихи мұра» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


01 тамыз 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымы Халықаралық архитекторлар академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген саулетшісі, Алматы қаласының Құрметті азаматы
Ералиев Тоқтар Ералыұлының өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтады.


24 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 24 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері – Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың 100 жылдығы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсын Әбуовтың 90 жылдығына орай өткізген «Қазақ өнерінің қос шебері» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.


23 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 23 шілдеде Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардың 32 құжаттар жобалары қаралды


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz