Новости:
23 мамыр 2025 жыл
2025 жылғы 23 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті бірлесіп өткізген «Тілдік және архивтік бейіндегі мамандарды даярлаудағы жасанды интеллект» республикалық стратегиялық сессияның жұмысына қатысты.
Бүгінгі таңдағы өзекті және даму жолында маңызды болып табылатын аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Назарбаев Университеті жанындағы Зияткерлік жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI), Қазақстан Республикасының архив мекемелері, Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Сессия барысында мемлекеттік қызмет жүйесі үшін құжаттану саласы бойынша мамандар даярлау, LLM-технологиялар тілдік және архивтік бағыттағы мамандарды даярлау, жасанды интеллект, цифрлық құзыреттер, кәсіби маманданудың трансформациясы сынды тақырыптар талқыланды.
Қатысушылар цифрландыру жағдайында сала кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған стратегиялық бастамаларды қолдап, кәсіби белсенділік танытқандары үшін Алғыс хаттармен марапатталды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
16 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 16 наурызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және құжаттарға ҒАА бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивист Айгүл Абдрахманова архив қызметкерлері үшін «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің құжаттарын «Е-Архив» жүйесіне енгізу» тақырыбында өндірістік оқу өткізді. Бұл жүйе «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында құжат айналымын толық цифрлық циклге көшіру үшін енгізілді.


16 наурыз 2026 жыл
Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорларының құжаттары сандық сипаттамаға көшуі қазіргі таңдағы архив мекемелерін модернизациялау ісін жүзеге асырудағы өзекті бастамалардың бірі болып табылады.


16 наурыз 2026 жыл
Қазақстанда жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігіне сәйкес 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген. Ондағы негізгі мақсат - халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғы, наным-сенімін, халықтың рухани өзегі саналатын ана тілін құрметтеу, ұлт құндылығын насихаттау.


15 наурыз 2026 жыл
Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды. Миллиондаған қазақстандықтар атсалысып жүрген қайырымдылық іс-шаралары осыны көрсетеді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz