|
|
|
Новости: |
|
27 мамыр 2025 жыл
|
2025 жылғы 26-27 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б. Жұматаева және архивтің бірқатар қызметкерлері Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алматы облысының мемлекеттік архиві базасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті ұйымдастырған «Архив қорларын пайдалану және жариялау» атты семинар жұмысына қатысты.
Семинарға Алматы облысы мен Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілдері, республиканың түкпір-түкпірінен келген республикалық, қалалық және облыстық мемлекеттік архивтердің басшылары мен мамандары қатысты.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Амантайқызы «Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві мысалында Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану» тақырыбында баяндама жасап, слайдтарда ғылыми-техникалық құжаттаманың құрамына, неғұрлым сұранысқа ие жобалық құжаттаманың түрлеріне, архивтік құжаттаманың әр түрлі ғылым, құрылыс, медицина, ауыл шаруашылығы салаларында пайдалану тәсілдеріне тоқталып өтті.
Семинарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы Салтанат Нұртасқызы Тащанова жүргізді. Архивтік құжаттарды пайдаланудың ерекшеліктерін, олардың тарихи, ғылыми, мәдени, саяси және экономикалық салалардағы рөлін, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудегі маңыздылығын ашып көрсетті. Семинар жұмысын кәсіби ұйымдастыруының және жоспарланған міндеттерді ашуының арқасында қатысушылар арасында қызу әрі пайдалы диалог болды, онда архивтік құжаттарды пайдаланудың негізгі мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін түрлі көзқарастар мен идеялар ұсынылды.
Сонымен қатар, семинар шеңберінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Электрондық архив басқармасының басшылығы мен «IServ» ЖШС өкілдері «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс бойынша оқыту жүргізді. Оның барысында «Е-Архив» ақпараттық жүйесі жұмысының ерекшеліктері және оның модификациялары, нормативтік құқықтық актілердегі электрондық құжаттардың форматына қойылатын талаптар, жүйенің функционалдық мүмкіндіктері, «Е-Архив» АЖ-да «Ведомстволық архив» және «Мемлекеттік архив» модульдерінде жұмыс істеу сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар электрондық құжаттармен жұмыс істеуде айтарлықтай кәсіби білім алды.
Семинар барысында архив ісінің көптеген өзекті мәселелері көтерілді. Өйткені жаһандану және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жағдайында архивтік құжаттардың ақпараттық, тарихи және ғылыми құндылығы өсуде, бұл зерттеушілердің архивтік ақпаратқа қызығушылығын арттырады.
|
|
|
|
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
| | 20 мамыр 2026 жыл |
2026 жылғы 20 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив тарихшы-архивтанушы, қоғам қайраткері, 1980-1994 және 2000-2002 жылдардағы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры, 1994-1996 жылдардағы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Бас архив басқармасының басшысы Марат Жақсыбайұлы Хасанаевтың туғанына 80 жылдығына орай өткізген «Тәуелсіз Қазақстандағы архив ісінің өзекті мәселелері және Марат Хасанаевтың мұрасы» атты ІІ «Хасанаев оқулары – 2026» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
| | 19 мамыр 2026 жыл |
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында еліміздің бас қаласы Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы өз жұмысын бастады. Форум мәдениет саласына инновациялар, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізуге арналған ауқымды алаңға айналды.
| | 15 мамыр 2026 жыл |
Жыл сайын бүкіл әлемде 15-ші мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. 1993 жылғы 20 қыркүйекте отбасы проблемаларына қалың жұртшылықтың назарын аудару мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген бұл мереке әрбір мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты ықпал ететін қазіргі қоғамдағы негізгі іргетасы ретінде отбасының маңыздылығын айқындайды.
| | 14 мамыр 2026 жыл |
2026 жылғы 14 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
|
|