|
|
|
Новости: |
|
28 мамыр 2025 жыл
|
Білім беру, Мәдениет, Спорт және Денсаулық салаларындағы бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - Комитет) «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің (бұдан әрі - ОБМ) функционалын іске қосқан.
Осылайша, бүгінгі күні Комитет алдын алу жұмыстарының үлесін арттыру және оны кеңейту үшін аумақтық департаменттердің ОБМ модуліне қолжетімділігін қамтамасыз еткенін атап өтеміз.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит депертаменті (бұдан әрі – Департамент) тарапынан келесі шаралар атқарылуда:
1. Тәуекел мәртебесін міндетті түрде белгілей отырып, жалақы төлеу мониторингі тұрақты негізде жүргізілуде және тәуекел мәртебесін міндетті түрде белгілеу арқылы, бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарын сәйкес хабардар ете отырып, мониторинг объектісіне ден қою-хаттарын жолдау арқылы жалпы және жедел шаралар қабылдауда.
2. Анықталған тәуекелдер жағдайлары сақталған жағдайда (оларды мониторинг объектісі жоймаса) Департамент тарапынан мемлекеттік аудитті тағайындау және жүргізу мәселесі қолға алынуда.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №597 бұйрығымен бекітілген тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесіне сәйкес, Департамент тұрақты негізде қабылданатын ден қою шараларының алдын алу әсерін арттыру саясатын жүргізуде.
Өз кезегінде, тәуекелдерді басқару және қаржылық бақылау жүйесін пайдалану арқылы онлайн бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша бонус, сыйақы беру, жалақы төлеу ретінде жеке тұлғалардың карт-шоттарына бюджет қаражатын артық аудару түрінде бюджеттің шығыс бөлігі саласындағы жоғары тәуекелдерді анықтау жүргізіліп отыр.
Бүгінгі таңда жүргізіліп отырған іс-шаралар нәтижесі бойынша Департамент тарапынан «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулімен қамтылған мемлекеттік мекемелерде бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға әкеп соғуы мүмкін төлем шоттарын заңсыз және дұрыс ұсынбау белгілері бар екені анықталған.
Осыған байланысты, бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу тәртібімен төленген бюджет қаражатын қайта қарау және артық аударылған бюджет қаражатын қайтаруды қамтамасыз ету қолға алынып отыр.
Және де, аталмыш тәуекелді шоттар санатын құрап отырған бірнеше төлемдер, қызметкерлер арыздары бойынша жалақы есебінен жұмыскерге берілген жұмыс істелмеген 2-3 айларға алдын-ала аванс төлеу болып табылып отыр.
Жоғарыда айтылғандармен қатар, тәуекелдер жағдайлары сақталған жағдайда (қаржылық бұзушылықтарға, бюджет қаражатын ұрлауға (ысырап етуге) және мемлекетке экономикалық залал келтіруге әкеп соғуы мүмкін заңнаманы сақтамау ықтималдығы) әрекет етудің директивалық шаралары қабылданып жатқанын да хабарлаймыз.
Хабарлама бойынша ұсынылған кейбір тәуекелді шоттар бойынша жауапты тұлғалар тарапынан, ұсынылған құжаттар негізінде төлемдердің заңдылықтары расталып бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарға жол берілмегендігі расталып отыр.
Осыған орай, Департамент тарапынан ұсынылған барлық нұскаулықтарды орындау барасында «Орталық мемлекеттік ғылыми – техникалық құжаттама архиві» РММ-не өз құзыреті аясында қызметкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
|
|
|
|
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
| | 04 ақпан 2026 жыл |
2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ведомстволық бағынысты архив мекемелерінің ұжымдары - Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві, Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві Zoom платформасында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің қолдауымен «Қазақстандық архившілер мен құжаттанушылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жаңа Конституция жобасының тармақтарын түсіндіру бойынша ұйымдастырған «Конституциялық реформа - қоғамның даму жолы» атты онлайн форматтағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
| | 02 ақпан 2026 жыл |
2026 жылғы 2 ақпанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Жаңа Конституция жобасына қолдау білдіріп, оны түсіндіруге және талқылауға бағытталған «Ата Заңның негізгі қағидаттары – жарқын болашақ кепілі» дөңгелек үстелі өтті.
| | 21 қантар 2026 жыл |
2026 жылғы 20 қаңтарда бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші өтті.
| | 20 қантар 2026 жыл |
2026 жылғы 20 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде «Қазақстан» РТРК» АҚ қолдауымен түсірілген және халықаралық марапаттарды иеленген «Қарлығаш» (Swallow) деректі фильмінің көрсетіліміне қатысты.
|
|