Новости:
13 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Айгүл Абдрахманова, Айсара Байсарина және Мадина Абдразақ жас архившілердің VIII Халықаралық Жазғы мектебінің жұмысына қатысып, 100-ден аса отандық және шетелдік мамандар қатарында білімдерін шыңдауда. Қазақстан Республикасы Президенті Архиві, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бірлесіп өткізген ауқымды шараға Ресей, Қырғызстан, Молдова, Түрікменстан, Өзбекстанның архив мекемелерінің өкілдері келген.
Мектептің басты бағыты цифрландыру болғандықтан жас мамандар құжаттық мұраны заман талабына сай сақтаудың қыр-сырын үйренді. Қазақстан мен шетелден келген жетекші ғалымдар мен архившілердің баяндамаларын тыңдап, өз қоржындарын архив саласындағы жаңа әдістер мен жаңа технологиялармен жұмыс жасау бойынша тәжірибелерін толықтырары сөзсіз. Мысалы, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті Тарих және архив институтының басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйелері кафедрасының меңгерушісі Михаил Лариннің баяндамасынан цифрландыру жағдайында құжат айналымды басқарудың нормативтік базасын дамыту жөнінде мол ақпарат алды. Басқа да сарапшылардың лекциялары барысында киберқауіпсіздік, құжаттарды цифрландыру бойынша жаңа ақпарат жинақтап, сарапшылардан практикалық сабақтар алды.
Қазақстан Республикасы Президенті Архиві мектеп қатысушыларына жаңа ғимараттың көрме залы, сақтау қоймалары мен зертханаларына арнайы экскурсия ұйымдастырды.
VIII Халықаралық Жазғы мектептің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
20 мамыр 2026 жыл
2026 жылғы 20 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив тарихшы-архивтанушы, қоғам қайраткері, 1980-1994 және 2000-2002 жылдардағы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры, 1994-1996 жылдардағы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Бас архив басқармасының басшысы Марат Жақсыбайұлы Хасанаевтың туғанына 80 жылдығына орай өткізген «Тәуелсіз Қазақстандағы архив ісінің өзекті мәселелері және Марат Хасанаевтың мұрасы» атты ІІ «Хасанаев оқулары – 2026» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


19 мамыр 2026 жыл
Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында еліміздің бас қаласы Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы өз жұмысын бастады. Форум мәдениет саласына инновациялар, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізуге арналған ауқымды алаңға айналды.


15 мамыр 2026 жыл
Жыл сайын бүкіл әлемде 15-ші мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. 1993 жылғы 20 қыркүйекте отбасы проблемаларына қалың жұртшылықтың назарын аудару мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген бұл мереке әрбір мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты ықпал ететін қазіргі қоғамдағы негізгі іргетасы ретінде отбасының маңыздылығын айқындайды.


14 мамыр 2026 жыл
2026 жылғы 14 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz