Новости:
26 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві мен Алматы көпсалалы колледжінің ынтымақтастық туралы шарты шеңберінде архив директоры Баян Амантайқызы Жұматаева мемлекеттік емтихан комиссиясының төрайымы ретінде «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану» мамандығы бойынша бітіруші студенттер үшін демо-емтихан өткізуге қатысты.
Демоемтихан - бұл колледждер мен техникумдарды бітірушілер үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау нысаны, онда студенттер нақты жұмыс жағдайына жақындатылған практикалық тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетеді. Бұл олардың дайындық деңгейін және нақты мамандық талаптарына сәйкестігін бағалауға мүмкіндік береді.
Демонстрациялық емтиханға қатысқан колледж студенттері кәсіби біліктіліктің барлық кешенінің жеткілікті жоғары деңгейде қалыптасқанын көрсетіп, жоғары бағаларға ие болды.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
14 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 14 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


07 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 7 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкері Әбдірасілов Нұртай «Архивті толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша өндірістік сабақ өткізді.


29 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 26 маусымда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы филиалдың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.


28 маусым 2026 жыл
28 маусым – елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz