Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: Өзекті мәселелер мен оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
Мемлекет басшысы әлемдегі саяси жағдайға ерекше тоқталып, бүгінде бүкіл әлем адамзат үшін оңай емес жаңа тарихи дәуірге қадам басып келе жатқанын атап өтті. Бұл жаһандық державалар арасындағы қарама-қайшылықтар, халықаралық қатынастардағы шиеленіс, жасанды интеллект негізінде әрекет ететін қауіпті қару-жарақты қолданумен адамзат қауіпсіздігіне төнген қауіп.
Мемлекет басшысының Жолдауындағы ең маңызды мәселе Парламенттік реформа болды, атап айтқанда, мемлекет үшін тағдыршешті шешім болуы мүмкін бір палаталы Парламент құру мәселесі
2026 жылғы 14 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
2026 жылғы 7 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкері Әбдірасілов Нұртай «Архивті толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша өндірістік сабақ өткізді.
2026 жылғы 26 маусымда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы филиалдың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.