Новости:

26 маусым 2015 жыл

2015 жылдын 26 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми – техникалық құжаттама мұрағатында ҚР ҒБМ Ұлттық тестілеу орталығының маманымен ҚАЗТЕСТ жүйеси бойынша мұрағат ұжымына мемлекет тіл білімінің сынақты тест өткізілді. Тест үш бағытта жургізілді: «Тындау», «Лексико-грамматикалық блок» және «Оқу».


24 маусым 2015 жыл

2015 жылдың 24 маусымында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының зерттеушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты Низами Шәмілұлы Мамедов мұрағатқа Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының 100 жылдығына орай шығарылған 2010 жылғы №4 «Ветеринария» журналын басылыммен бірге және бірінші күннің конвертін, мерейтойлық пошта маркасын, толық маркалық парағын, естелік конвертін сыйға тартты.


23 маусым 2015 жыл

2015 жылдың 23 маусымында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығында «Пламя Победы» атты 3 томды жинақтың таныстырылымы өтті. Басылым журналистердің тобымен Жеңістің 70 жылдығына орай дайындалды.


19 маусым 2015 жыл

2015 ж. 18 маусым күні ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының конференс залында «Ғылыми медициналық мекемелердің тарихынан. Қазақстан: 1941-1945 жж. Құжаттар мен материалдардың жинағы» атты кітабының таныстырылымы мен дөнгелек үстел өткізілді. Жауапты редактор – Сәрсенова Г.С. Құрастырушылар ұжымы: Богданова О.С., Жұматаева Б.А., Грибанова Е.М. (жауапты), В.Е. Печерских – Алматы: Print Exspress, 2015. – 534 б. + қосымша 8 п. Жинақ Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының қызметкерлер ұжымымен дайындалды.


09 маусым 2015 жыл

9 Маусым – Халықаралық мұрағаттар күні. Осы іс-шара аясындағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекетік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты» РММ-нің тарихын, қорларының құрамы мен мазмұны және Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының бірегей құжаттары түралы бейнелейтін көрме экспозициясы дайындалды. Көптеген зерттеушілер мен келушілердің мұрағат, оның қызметі мен құжаттардың сақтауы, түрлі басылымдары туралы аппаратты алуға мүмкіндігі болды. Сонымен қатар, түрлі, керекті сұрақтары бойынша білікті кеңес алды.


Всего 987 на 198 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 ақпан 2026 жыл
2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ведомстволық бағынысты архив мекемелерінің ұжымдары - Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві, Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві Zoom платформасында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің қолдауымен «Қазақстандық архившілер мен құжаттанушылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жаңа Конституция жобасының тармақтарын түсіндіру бойынша ұйымдастырған «Конституциялық реформа - қоғамның даму жолы» атты онлайн форматтағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.


02 ақпан 2026 жыл
2026 жылғы 2 ақпанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Жаңа Конституция жобасына қолдау білдіріп, оны түсіндіруге және талқылауға бағытталған «Ата Заңның негізгі қағидаттары – жарқын болашақ кепілі» дөңгелек үстелі өтті.


21 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші өтті.


20 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде «Қазақстан» РТРК» АҚ қолдауымен түсірілген және халықаралық марапаттарды иеленген «Қарлығаш» (Swallow) деректі фильмінің көрсетіліміне қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz