«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: өткенге қарап болашаққа сенімді қадам басу» Дөңгелек үстел материалдарының жинағы. 21 сәуір 2021 жыл Алматы.

ОМҒТҚА «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: өткенге қарап болашаққа сенімді қадам басу» Дөңгелек үстел материалдарының жинағы. (21 сәуір 2021 жыл Алматы. – Алматы: Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві, 2021. 60 б. + қосымша түрлі-түсті 12 б.) атты жаңа басылымды дайындап, жариялап шығарды.
Жинақта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндама мен хабарламаларының мәтіндері берілген. Баяндамалардың негізгі тақырыбы Тәуелсіздік жылдарындағы республикадағы архив мекемелерінің жетістіктері, сондай-ақ, Қазақстандағы архив ісінің даму перспективалары болды.
Жинақта Дөңгелек үстел аясында өткен Ж. Керімбектің шығармашылық жұмыстарының көрмесінің тұсаукесері туралы мәліметтер орналастырылған.
Жобаны жасағандар: Б.А. Жұматаева, Ж.А. Қаламбаева, В.Е. Печерских, С.О. Саблин.

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
16 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 16 наурызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және құжаттарға ҒАА бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивист Айгүл Абдрахманова архив қызметкерлері үшін «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің құжаттарын «Е-Архив» жүйесіне енгізу» тақырыбында өндірістік оқу өткізді. Бұл жүйе «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында құжат айналымын толық цифрлық циклге көшіру үшін енгізілді.


16 наурыз 2026 жыл
Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорларының құжаттары сандық сипаттамаға көшуі қазіргі таңдағы архив мекемелерін модернизациялау ісін жүзеге асырудағы өзекті бастамалардың бірі болып табылады.


16 наурыз 2026 жыл
Қазақстанда жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігіне сәйкес 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген. Ондағы негізгі мақсат - халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғы, наным-сенімін, халықтың рухани өзегі саналатын ана тілін құрметтеу, ұлт құндылығын насихаттау.


15 наурыз 2026 жыл
Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды. Миллиондаған қазақстандықтар атсалысып жүрген қайырымдылық іс-шаралары осыны көрсетеді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz