Жаздың алғашқы айында біздер – 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күнін қуанышпен қарсы аламыз.
Аталмыш мейрам тек Қазақстанда ғана емес, БҰҰ-ның қанатының астына кіретін әлемнің барлық елдерінде мерекеленеді. Біз үшін бұл балаларымызды шадыман шаттыққа бөлейтін, мейірлі, мәнді мейрам. Алайда, бүгінгі бейбіт күн, жарқын өміріміз үшін біз батырлық пен батылдықтың арқасында фашистік Германияны жеңген ардагер аталарымыздың алдында мәңгілік қарыздармыз.
Осы орайда біз соғыс жылдары есейіп, ер жеткен балалардың қиын-қыстау өмірлеріне бір сәт көз жүгіртіп өтсек деп едік. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты қорында – «Халықтар достастығы ордені ғылыми-зерттеу педиатрия институтының» соғыс кезіндегі аса құнды құжаттары сақталған. Сол тұстары орталық әйелдер мен балаларға арнап қайырымдылық жұмыстарын жүргізгенін айта кету керекпіз. Аталмыш институт балаларға медициналық көмек көрсету жағынан жемісті жұмыс атқарды.
Соғыс жылдарында балаларға қамқорлық көрсету қауырт жүргізілді. Айтар болсақ, сәби аурулары жағынан 1941 жылдары ішек-асқазан аурулары бірінші орында тұрса, 1942 жылдары әртүрлі инфекциялық дерттер өршіп кетті. Дәрі –дәрмек тапшылығына қарамастан, орталық балалар өлімін қолдан келгенше азайтуға тырысты. 1944 жылы институттың мұрындық болуымен Алматыда арнайы жәрдем базасы ашылып, дәл сол жолы тұңғыш рет «Ана мен бала» күні аталып өтілді. Бұдан көрінетіні қандай қиыншылық болмасын бала өмірі, бала игілігі біздер үшін әрдайым қымбат.
У. БИКЕЕВАОрталық мемлекеттік ғылыми- техникалық құжаттамамұрағатының маманы.
2026 жылғы 14 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
2026 жылғы 7 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкері Әбдірасілов Нұртай «Архивті толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша өндірістік сабақ өткізді.
2026 жылғы 26 маусымда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы филиалдың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.