«Академик А. Ш. Татығұлов» құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы 2010.
Жинақта «KAZGOR» жобалау академиясы» жабық акционерлік қоғамының Президенті, академик Әбдісағит Шаймұханбетұлы Татығұловтың жеке қорынан алынған құжаттар жарияланған.
Мұрағат қорынан алынып жарияланған құжаттар Ә. Ш. Татығұловтың қоғамдық және мемлекеттік қайраткер ретінде, қазақстандық архитектурасының дамуына зор үлес қосқан қызметін баяндайды. Жинақ сәулет, қаласалушылық және құрылысқа ықылас білдіретін оқырмандардың кең ортасына арналған.
2026 жылғы 14 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
2026 жылғы 7 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкері Әбдірасілов Нұртай «Архивті толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша өндірістік сабақ өткізді.
2026 жылғы 26 маусымда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы филиалдың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.