Құрметті сайт қолданушылары мен қонақтары!

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Архив – халықтың тарихи мұрасы, нақты деректік құжаттарға негізделген мемлекеттің тарихы сақталатын киелі шаңырақ.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві бүгінгі таңда өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс және өнертабыс салалары бойынша отандық ғылым мен техниканың тарихына қатысты құжаттарды сақтайтын бірегей орталық деп сеніммен айтуға болады. Бұл жерде республикалық жетекші мекемелердің ғылыми-зерттеу құжаттамаларында экономиканың, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, медицинаның және білімнің әртүрлі салаларындағы ғылыми зерттеулер, азаматтық және өнеркәсіптік құрылысқа арналған металл конструкциялар мен инженерлік құрылымдарды жасау саласында, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, тұрмыстық қызмет көрсету, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ медицина салаларында авторлық куәліктер сынды зерттеушілердің қызығушылығын тудыратын құжаттар сақталуда. «Архив-2025» жобасын іске асыру аясында кешенді іс-шаралар жоспарының арқасында шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттардың ауқымды массиві айқындалып елге әкелінді
Соңғы жылдары архивті заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықтауға көп көңіл бөлінуде. Жаңа технологияларды енгізу арқылы құжаттық ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтуге, архивтік құжаттарды пайдалануға мүмкіндік артты. Цифрландыру және жаһандану жағдайында архив мекемелерінің өзара іс-қимылы ғылым мен жалпы қоғамның дамуы үшін қажетті ғана емес, сонымен қатар стратегиялық маңызы зор деп санаймыз.
Барлық жұмыс орындары дербес компьютермен, сонымен қатар қажетті құжаттарды жылдам сканерлеу және басып шығару үшін заманауи көпфункционалды кеңсе құрылғыларымен жабдықталған. Бұл өз кезегінде пайдаланушыларға архив құжаттарының сандық нұсқасын онлайн түрде қолдану аясын кеңейтеді.
Архив туралы әлі де көп нәрсе айта аламыз. Оның беттерінде орналасқан ақпарат оның жарты ғасырға жуық құрылу тарихымен, бірегей құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді. Архив сайтында өзіңізді қызықтырған сұрақтарыңызды қойып және ең соңғы архив жаңалықтарын біле аласыздар.
Біз әрқашан Сіздермен бірлесіп қызмет етуге қуаныштымыз және Сіздерден архив сайтының жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңызды күтеміз.

Құрметпен, ОМҒТҚА директоры Баян Жұматаева

Фотогалереясы



Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 5 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдығына арналған «Архивтер: цифрлық трансформация, конституциялық құндылықтар, тарихи мұра» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


01 тамыз 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымы Халықаралық архитекторлар академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген саулетшісі, Алматы қаласының Құрметті азаматы
Ералиев Тоқтар Ералыұлының өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтады.


24 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 24 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері – Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың 100 жылдығы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсын Әбуовтың 90 жылдығына орай өткізген «Қазақ өнерінің қос шебері» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.


23 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 23 шілдеде Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардың 32 құжаттар жобалары қаралды


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz