Новости:
16 маусым 2016 жыл
1940 жылдың 18 маусымында Жамбыл облысы Луговой ауданының Луговое ауылында Жасыбаева Тәсиля Сүйінбайқызы дүниеге келген. Эпидемиолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.
1988 жылы Жасыбаева «Қазақстанның аридті аймақтарындағы жұқпалы аурулардың әлеуметтік аспектілері» («Социальные аспекты инфекционных болезней в аридных зонах Казахстана») атты докторлық диссертация бойынша жұмысты бастады. Ол материал жинау барысында Жамбыл, Қызыл орда, Шымкент облыстарына, Арал өңірін тереңдетіп зерттеулер жүргізу үшін 11 экспедицияларды жүзеге асырды. Т. С. Жасыбаева жұқпалы патологияны, сонымен қатар сырқаттанушылықтың инфрақұрылымын, жергілікті халықтың өмірін, Қазақстанның аридті аймақтарының әлеуметтік-экологиялық және табиғи ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерттеді. Барлығы 350 мың адамнан астам тексеріліп, ауа, су және топырақ жай-күйлері зерттелді. Диссертация 1992 ж. қорғалды.
Т. С. Жасыбаеваның 90-ға жуық ғылыми жұмыстар бар.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
06 мамыр 2024 жыл
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қалалық мектеп оқушылары мен архив қызметкерлері үшін Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған «Мәңгілік полк» құжаттық көрмесін ұйымдастырды.


02 мамыр 2024 жыл
2024 жылдың 2 мамырында өткен ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында Істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері жобалары қаралды.


30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz