Новости:
22 қараша 2021 жыл
19 қараша. Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетіне қарасты ҚР Орталық мемлекеттік архивінің 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, шетелдік қонақтар, республикалық және облыстық архивтер басшылары мен ардагерлері қатысты.
Мерейлі мереке Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің ғимаратына орнатылған «1921-2021 жж. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне 100 жыл» атты мемориалды ескерткіш тақтаның ашылу салтанатынан басталды. Сонымен қатар соңғы уақытта шетелдерден алынған кұнды архив кұжаттарының көшірмелерінен даярланған «Жауһар жәдігерлер» атты көрме мен архивтің 100 жылдық мерейтойына орай дайындалған және басып шығарылған құжаттардың ғылыми жинақтарының тұсаукесері өткізілді. Мұның ішінде «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» дайындаған көрме мен қатар «Қазақстан архивтері» атты анықтамалық кітап та қонақтардың назарына ұсынылды.
Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқылды. Іс-шара барысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мерейтойға қатысушыларды Орталық мемлекеттік архивтің 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, ғасыр бұрын құрылған архивтің мерейтойы - тарихи санасы қалыптасқан мемлекет үшін маңызды оқиға екенін айтты. Бұдан соң Ақтоты Райымқұлова бірқатар архив саласының қызметкерлерін «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивіне – 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.




















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz