Новости:
29 қараша 2021 жыл
2021 жылдың қараша айынын 26 күні Нұр-Сұлтан қаласында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Қазақстандағы жазба мұралардың реставрациясы және сақтау мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Оған Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қос бірдей қызметкері, ақпараттық технологиялар және цифровизация бөлімінің жоғары деңгейлі білікті маман-архивистері Абайбол Омарбеков және Азат Көпешов қатысты.
Семинардың ашылуында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың құттықтау хаты оқылып, министрлікке бағынысты Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қ.Қ. Бораш, «ҚР Ұлттық архиві» РММ директоры С.Е. Нұрланова қатысушыларға сәттілік тілеп, семинардың жемісті өтуіне тілектестігін білдірді.
Ауқымды шара барысында архивтік құжаттарды қалпына келтіру және консервациялау, қағаз құжаттарды қалпына келтіруде заманауи жабдықтарды пайдалану, реставрациялау мәселелері туралы елімізге белгілі мамандар арнайы баяндама жасап, келелі мәселелердің шешімдері талқыланды.
Сондай-ақ іс-шара барысында «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ Реставрация және консервация зертханасында реставрациядан өткен Абай Құнанбайұлының 1909 жылы шыққан өлеңдер жинағын «Абайдың «Жидебай-Бөрілі»мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі» РМҚК-на салтанатты түрде табыс етті. Бұл іс-шараның деңгейін асқақтата түсті. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивінің қызметкерлері Е.М.Уалихан, А.Ж. Кокумбаева жапон қағазын қолданып, дәстүрлі реставрация жасау тұрғысынан арнайы мастер-класс өткізді.
Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді. Сондай-ақ, оларға Ұлттық архивтің көрме залы мен реставрция және консервация бөлімінің жұмыстары көрсетілді.










Все новости

Жаңалықтар

Показать все
26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz