ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
_NEWS:
31 мамыр 2023 жыл
Балаларды қорғау күні және Республика мектептерінде соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері балаларымен ZOOM платформасында онлайн режимде кездесу өткізді.
Ең алдымен оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жазғы демалысын қызықты өткізулеріне тілектестік білдірді. Архившілер балаларға ата-аналары жұмыс жасайтын архив туралы қарапайым және қолжетімді түрде әңгімелеп берді.
Атап айтқанда, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттар архивіне қандай құжаттардың мемлекеттік сақтауға қабылданатыны, оларды сақтауға қандай оңтайлы жағдайлар жасалғаны, бұл құжаттардың жинақтар шығару және көрмелер өткізу арқылы оларды танымал ету үшін қалай пайдаланылып жатқаны, сондай-ақ, халқымыздың бірегей тарихи мұрасын қалпына келтіру арқылы «өмірін» қалай ұзартатыны жайлы әңгімелеп берді.
Архив қызметкерлері жылдар өте келе осы балалардың біреуі сапалы білім алып, мемлекетіміздің ғылымы мен техникасының дамуына елеулі үлес қосуы мүмкін екендігін айтты. Тіпті ОМҒТҚА жеке тектік қорын ашып, оны құнды құжаттармен толықтырар деген сенім білдірді.
Онлайн басқосу соңында архив қызметкерлері мектеп оқушыларын архивке келіп, еліміздің бірегей құжаттық мұрасын сақтау жолындағы игілікті миссияны атқарып жүрген ата-аналарының қандай еңбек істеп жатқанын өз көздерімен көруге шақырды.











_ALLNEWS

Жаңалықтар

Показать все
29 қыркүйек 2023 жыл
2023 жылдың 28 қыркүйегінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Ақпараттық технологиялар және цифрландыру бөлімінің қызметкерлері «Ақпараттық технологиялар, құжаттарды қалпына келтіру және сканерлеу» тақырыбында оқу семинарын өткізді.


28 қыркүйек 2023 жыл
Сараптау-тексеру және методикалық комиссияның отырысы өтті


21 қыркүйек 2023 жыл
2023 жылдың 21 қыркүйегінде ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қызметкерлері Орталық мемлекеттік архивінің әріптестерімен бірлесіп Ашық есік күнін өткізді. Ашық есік күніне Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.


21 қыркүйек 2023 жыл
2023 жылдың 20 қыркүйегінде Самарқанд қаласында (Өзбекстан Республикасы) ТМД мемлекеттерінің мемлекеттік архив қызметі басшыларының Консультативтік кеңесінің 19-шы отырысында «Архивтер және электронды құжаттар: уақыттың сын-қатерлері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция ұйымдастырушылары – Ресей Федерациясының Архив агенттігі, Өзбекстан Республикасының Узархив агенттігі және Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институты.


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group