Новости:
23 ақпан 2024 жыл
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында 2024 жылғы 23 ақпанда сағат 10:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтті. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы архив мекемелерінің қызметкерлері арасында ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындық деңгейін арттыру, тұрғындардың эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерін анықтап, апаттық сөмкелерді алдын ала дайындау болды. Қауіпсіз жерлер электр желілері мен ғимараттардан алыс, ашық аумақтар болып саналады.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері сейсмикалық дайындыққа қатысып, эвакуация пункті болып табылатын М.Лермонтов атындағы Драма театры ғимаратының жанына тез арада жиналды.



Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
17 сәуір 2025 жыл
2025 жылғы 17 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде «UEPE Power Engineering» ЖШС директоры Воронов Кирилл Михайлович және ӨТБ инженері Батаева Феруза Әуесханқызы болды.


15 сәуір 2025 жыл
2025 жылғы 15 сәуірде ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында толықтыру көздері болып табылатын 12 ұйымдардың құжаттар жобалары қаралды: құжаттама жасау қағидалары, істер номенклатуралары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері.


15 сәуір 2025 жыл
2025 жылдың 15 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері қазақ жерлерінің бір республика құрамына бірігуінің аяқталғанына 100 жыл және қазақ халқының тарихи атауын қайтарып алғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ жерінің тұтастануы мен «Қазақ» атауының қайтарылуына 100 жыл» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Конференцияны Орталық мемлекеттік архив және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы бірлесіп ұйымдастырды.


14 сәуір 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкері Айғаным Байтуоваға Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институтының «Архивтану» бағдарламасы бойынша кәсібі қайта даярлаудан өткені туралы жоғары білім дипломы берілді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz