Новости:
01 наурыз 2024 жыл
2024 жылғы 29 ақпанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б.А.Жұматаева, директор орынбасары М.М.Бейсембаева және басқа да архив қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік архиві дайындаған «Кеңестік Қазақстан: денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуы мен дамуы (1917-1937 жж.)» атты құжаттар мен материалдар жинағының тұсаукесеріне қатысты.
Бұл архивтік құжаттар мен материалдар жинағы бүгінгі таңда отандық тарихнамада аз зерттелген тақырып болып табылатын Кеңестік Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасу және даму тарихына арналған.
Басылымға Орталық мемлекеттік архивтің, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің құжаттарымен бірге Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қорларында сақталатын еліміздің өткен ғасырдың 30-жылдарындағы індеттік жағдайы, Қазақ мемлекеттік туберкулез институты жұмысы және өзге да көптеген қызығушылық тудыратын құжаттар енгізілді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
10 ақпан 2025 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивші Саблин Сырым «Жеке тектік қорлардың құжаттары мен материалдарының құрамы. ОМҒТҚА-дағы жеке тектік қорлар құжаттарымен жұмыс жүргізу ережелері» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


31 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 31 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив өткізген тарих ғылымдарының докторы, профессор Х. Тұрсұнның, Қазақстанның «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының ғылыми хатшысы С.Қ.Қожықованың және Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ докторанты Х. Астың құрастыруымен жарық көрген «Қоңырқожа Қожықов – Ұлттық элитаның көрнекті өкілі» жинақтың таныстырылымына қатысты.


27 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 24 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Құлжанова Бақытгүл Райханқызымен


23 қантар 2025 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz