Новости:
18 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві жеке тектік қоры ОМҒТҚА сақталатын заң ғылымдарының кандидаты, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің криминалистика кафедрасының доценті Шәкен Мәжитұлы Мәжитовтің (1924-1984) 100 жылдығына арналған онлайн-көрме дайындап, архивтің ресми сайтында орналастырды. Шәкен Мәжитов пен оның жұбайы – металлург, химик, доцент, органикалық химия саласы бойынша техника ғылымдарының кандидаты Бопан Әмірханқызы Ермекованың бірлескен архивтік қоры Орталық мемлекеттік техникалық-техникалық құжаттама архивінде мемлекеттік сақтауда.
Көрмеде Ш.М.Мәжитовтың өмірбаянына қатысты құжаттар: Алматы заң институтын бітіргені туралы диплом, заң ғылымдарының кандидаты, доцент куәлігі; мерейтойларға арналған құттықтаулары; газет басылымдары, Ұлы Отан соғысы кезеңі мен соғыстан кейінгі кезеңдегі еңбек қызметі бойынша фотосуреттері және т.б. құжаттары ұсынылды.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
06 мамыр 2024 жыл
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қалалық мектеп оқушылары мен архив қызметкерлері үшін Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған «Мәңгілік полк» құжаттық көрмесін ұйымдастырды.


02 мамыр 2024 жыл
2024 жылдың 2 мамырында өткен ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында Істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері жобалары қаралды.


30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz