Халықаралық кеңестің шешімімен 1956 жылдан бастап дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай 2-сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні және 23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқықты қорғау күні болып жарияланған. Дана халқымыз айтқандай, кітап - сарқылмас қазына және кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ұғындыру мен жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру бүгінгі таңда үлкен маңызға ие. Кітап күні қарсаңында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «П.И. Мариковский. Копии наскальных рисунков. Графика. Живопись» альбомымен және өзге де басылымдарымен таныстыру және Ұлттық архив қоры құжаттарын насихаттау мақсатында оқушылармен кездесу өткізді. Кітапта П.И. Мариковский өзі әзірлеген технологияны пайдалана отыра жасаған тасқа қашалған суреттер көшірмесінің бірегей коллекциясы сақталады. Суреттер «В мире природы. Графика. Пейзажи», «В мире насекомых. Графика. Анималистика», «Наши бисмаляшки», «Альбом. Рисунки 1983 и 1984 гг.» төрт бөлімдерге бөлінген.
Кітап балалардың үлкен қызығушылығын тудырды. Жиынтықтың әрбір фотосының орындалу әдісіне таң қалып, бір-бірімен өз эмоцияларымен бөлісіп жатты.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері оқушылар үшін экскурсия жүргізіп, оларға құжаттардың мемлекеттік сақтауға қабылданатыны, оларды сақтауға қандай оңтайлы жағдайлар жасалғаны, бұл құжаттар танымал ету үшін пайдалану түрлері жөнінде, сондай-ақ, еліміздің бірегей тарихи мұрасын құрайтын шетел архивтерінен әкелінген құнды құжаттар көрмесімен таныстырды.