Новости:
05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.
Іс-сапар барысында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстанның Латвия Республикасындағы елшісі Дәурен Кәріповпен кездесті. Кездесу барысында Латвия Республикасының Ұлттық архивінде, Мемлекеттік тарихи архивінде, Мемлекеттік архивтердің арнайы кітапханасында және басқа да мекемелерінде жүргізіп жатқан жұмысының барысы, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік архивтері арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отырғандықтарын хабарлады.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
27 мамыр 2024 жыл
25 мамырда әлеуметтік-гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері және денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілген Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі Еңбек ер атағының иегері, академик Төрегелді Шарманов қайтыс болды. Төрегелді Шарманұлы Қазақстанның медициналық жұртшылығы арасында ғана емес, зиялы қауым, шығармашыл жастар, көптеген саясаткерлер мен еліміздің басқа да азаматтары арасында үлкен беделге ие болды.


22 мамыр 2024 жыл
2024 жылғы 22 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және құжаттарға ҒАА бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивист Айсара Байсарина архив қызметкерлері үшін «ОМҒТҚА құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қоймаларда құжаттарды жылжыту және орналастыру, құжаттарды сақтау режимі» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


21 мамыр 2024 жыл
Бүгін Алматыда жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар өткізілді.


20 мамыр 2024 жыл
2024 жылғы 20 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің дирекция отырысы өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz