Новости:
08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.
Печерских Владимир Еренеевич архив саласының дамуына баға жетпес үлес қосты. Ол өз кәсібіне шын берілген маманның үлгісі, керемет адам, құрметті әріптесіміз және бірнеше жас буын архившілердің тәлімгері болды.
Өмір жолында тек алғыс пен абырой жинаған Владимир Еренеевич 1958 жылдың 29 қаңтарында Алматы қаласында дүниеге келді. 1982 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филологиялық факультетін бітірген. 1988 жылы Алматы жоғары партиялық мектебін тамамдаған. 1995 жылы мемлекеттік қызметке ҚР Үкіметінің аппаратына, ал 1998 жылы ҚР Президенті Архивіне қызметке жіберілген. Он жеті жылдан кейін архив саласындағы еңбегін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде жалғастырды. Қарапайым қызметкерден бөлім басшысы, бас сарапшы лауазымына дейін көтерілді. ҚР Президенті Архиві, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің құжаттық басылымдарының шығуына ат салысқан және өзі көптеген еңбектердің автор болған жоғары деңгейдегі сауатты маман ретінде танылған.
Владимир Еренеевич «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 10 жыл» (2001) «Үздік мемлекеттік қызметші» (2014) Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл (2015), «Еңбек ардагері медалімен» (2016), «Архив саласының үздігі» төсбелгісімен (2022) марапатталған.
Печерских Владимир Еренеевичтің ел мүддесі жолында жасаған игі істері мен өнегелі ғұмыры артында қалған ұрпағына ұлағат болсын! Жатқан жері жайлы, иманы саламат болғай!
Ол қісінің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
27 мамыр 2024 жыл
25 мамырда әлеуметтік-гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері және денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілген Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі Еңбек ер атағының иегері, академик Төрегелді Шарманов қайтыс болды. Төрегелді Шарманұлы Қазақстанның медициналық жұртшылығы арасында ғана емес, зиялы қауым, шығармашыл жастар, көптеген саясаткерлер мен еліміздің басқа да азаматтары арасында үлкен беделге ие болды.


22 мамыр 2024 жыл
2024 жылғы 22 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және құжаттарға ҒАА бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивист Айсара Байсарина архив қызметкерлері үшін «ОМҒТҚА құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қоймаларда құжаттарды жылжыту және орналастыру, құжаттарды сақтау режимі» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


21 мамыр 2024 жыл
Бүгін Алматыда жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар өткізілді.


20 мамыр 2024 жыл
2024 жылғы 20 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің дирекция отырысы өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz