Новости:

16 маусым 2016 жыл

1940 жылдың 18 маусымында Жамбыл облысы Луговой ауданының Луговое ауылында Жасыбаева Тәсиля Сүйінбайқызы дүниеге келген. Эпидемиолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.


16 маусым 2016 жыл

"Ауызша тарих" бөлімінде И. Э. Гринбергтің «Большая стройка. Из истории индустриализации Казахстана» жариялынымы орналасқан.


10 маусым 2016 жыл

1938 жылдың 13 маусымында Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Саралжын ауылында Елешев Рақымжан Елешұлы дүниеге келген. Ауыл-шаруашылық ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА, Ресей ауыл-шаруашылық ғылымдары академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Д. Н. Прянишников атындағы КСРО және А. И. Бараев атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, «За заслуги в развитии науки Республики Казахстан» төс белгісімен марапатталған, «Тарлан» сыйлығының иегері.


08 маусым 2016 жыл

1938 ж. 10 маусымында Тула облысы Каменский ауданының Пушкарское ауылында Сигарев Михаил Иванович туылған. Экономика ғылымдарының докторы, ауылшаруашылық ғылымдары Академиясының профессоры, академигі, аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер мен жұмыстары бойынша А. И. Бараев атындағы сыйлықтың лауреаты болып марапатталған.


07 маусым 2016 жыл

2016 жылдың 31 мамыр мен 2 маусым аралығында ОМҒТҚА директоры Г. С. Сәрсенова Қазақстан Республикасының делегациясы құрамында Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өткен XVII Халықаралық архивтер кеңесі Еуразиялық өңірлік бөлімшесінің (ЕВРАЗИКА) жалпы конференциясына қатысты.


Всего 813 на 163 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
06 мамыр 2024 жыл
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қалалық мектеп оқушылары мен архив қызметкерлері үшін Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған «Мәңгілік полк» құжаттық көрмесін ұйымдастырды.


02 мамыр 2024 жыл
2024 жылдың 2 мамырында өткен ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында Істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері жобалары қаралды.


30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz