Новости:

06 маусым 2016 жыл

2016 жылдың 3 маусымында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директор орынбасары Б. Жұматаева «Мәнгілік ел: бір ел, бір тағдыр» атты дөңгелек үстөлде баяндама жасап қатысты. Бүл шараны «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша біліктілікті арттыру институты өткізді.


03 маусым 2016 жыл

1 маусым – балаларды қорғау Күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Алматы қаласының оқушыларына ашық есік Күнін өткізді. Балалар мемлекеттік архив қызметімен танысып, немен айналысатынын, қандай құжаттарды сақтайтынын білді.


27 мамыр 2016 жыл

Үстіміздегі жылдың 25 мамырында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкері «Өткенге тағзым-келер ұрпаққа аманат» атты Ашаршылық және саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстеліне қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты және «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы.


1955 жылдың 20 мамырында техника ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ білім академиясының академигі, І. Алтынсарин белгісімен марапатталған, «2007 жылдың үздік оқытушысы» грантының иегері Ысқақ Айтқұлұлы Нәби туылған.


20 мамыр 2016 жыл

18 мамырда ОМҒТҚА қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайының «Мұражай түні-2016» іс-шараларына қатысты. Архивистер мұражай қорларына соғыс жылдарының отбасылық жәдігерлерін тапсырды.


Всего 813 на 163 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
06 мамыр 2024 жыл
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қалалық мектеп оқушылары мен архив қызметкерлері үшін Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған «Мәңгілік полк» құжаттық көрмесін ұйымдастырды.


02 мамыр 2024 жыл
2024 жылдың 2 мамырында өткен ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында Істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері жобалары қаралды.


30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz