Новости:

24 қазан 2025 жыл

Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына аясында ұйымдастырған режиссер Сәбит Құрманбектің «Оралман» көркем фильмінің көрсетіліміне қатысты.


23 қазан 2025 жыл

Республика күні қарсаңында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаеваға Алматы көпсалалы колледжінің директоры Асылхан Бейсетбаевтың колледж студенттерін кәсіби даярлауға ОМҒТҚА-ның белсенді қатысуы мен жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдірген «Алғыс хаты» табыс етілді.


23 қазан 2025 жыл

2025 жылғы 23 қазан күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жуматаева және қызметкерлері Алматы қаласының мәдениет басқармасының Алматы қаласының мемлекеттік архиві Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына аясында 25 қазан – Республика күніне орай өткізген «Республика күні: мәдениет ошақтарындағы жаңғыру үндестігі» атты дөңгелек үстелге қатысты.


21 қазан 2025 жыл

Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына аясында Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, республика балалары мен жасөспірімдері өміріне белсене араласып жүрген белгілі балалар жазушысы, журналист, республикадағы алғашқы жекеменшік баспагерлердің бірі Бейсенбай Сүлейменов болып, өзінің сүйікті оқырмандары - еліміздің жас жеткіншектерімен кездесті. Өйткені қазіргі таңда бұндай тұлғалармен сұхбаттасу сынды игілікті істердің жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі мол.


21 қазан 2025 жыл

2025 жылғы 21 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына арналған іс-шараларының жоспарына сәйкес «Республика күні – Тәуелсіздіктің жаңа белесі» тақырыбында Алматы қаласының мектеп оқушыларына арналған «Архив Quiz» интеллектуалдық куиз (викторина) ұйымдастырылды. Онда жастарға қызықты командалық «Ойлан!» , «Суретті сөйлет», «Мәңгі ел жолы» 3 кезеңнен тұратын сайыстар өтті.


Всего 1003 на 201 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
16 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 16 наурызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және құжаттарға ҒАА бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивист Айгүл Абдрахманова архив қызметкерлері үшін «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің құжаттарын «Е-Архив» жүйесіне енгізу» тақырыбында өндірістік оқу өткізді. Бұл жүйе «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында құжат айналымын толық цифрлық циклге көшіру үшін енгізілді.


16 наурыз 2026 жыл
Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорларының құжаттары сандық сипаттамаға көшуі қазіргі таңдағы архив мекемелерін модернизациялау ісін жүзеге асырудағы өзекті бастамалардың бірі болып табылады.


16 наурыз 2026 жыл
Қазақстанда жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігіне сәйкес 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген. Ондағы негізгі мақсат - халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғы, наным-сенімін, халықтың рухани өзегі саналатын ана тілін құрметтеу, ұлт құндылығын насихаттау.


15 наурыз 2026 жыл
Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды. Миллиондаған қазақстандықтар атсалысып жүрген қайырымдылық іс-шаралары осыны көрсетеді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz